Қарағандыда зейнеткерді автобустан түсіріп, шашылған жеміс-жидектерін басып өткен жүргізуші жұмыстан шеттетілді
Қарағанды қаласында қоғамдық көлік жүргізушісі мен зейнеткер арасында болған жанжал әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларының айтуынша, жүргізуші қарт адамды жүгінің тым үлкендігіне байланысты автобус салонынан шығарып жіберіп, кейін оның жерге шашылған көкөністері мен жемістерін көлікпен басып өткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиғаға қатысты автобус жүргізушісі өз нұсқасын алға тартты. Ол жолаушыны күштеп шығармағанын, тек үлкен жүкпен жол жүруге рұқсат бермегенін айтуда.
Жүргізушінің сөзінше, қоғамдық автобус мұндай көлемді жүктерді тасымалдауға арналмаған.
Ол зейнеткердің арбасы аударылып қалғанын, ал өзі, керісінше, шашылған заттарды жинауға көмектескенін мәлімдеді.
Қала әкімдігі аталған жағдайға байланысты ресми пікір білдіріп, жүргізушінің мұндай әрекетін жол беруге болмайтын қылық деп бағалады.
Жүргізуші бағыттан алынып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанға дейін жұмыстан шеттетілді.
Тексеру қорытындысы бойынша оны қызметінен толық босату мәселесі де қарастырылуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.11.2026
20:14
Қарағандыда зейнеткерді автобустан түсіріп, шаш...
24.11.2026
20:02
Сергей Ким 8,5 жылға сотталды
24.11.2026
19:21
Қазақстанда мұрагерлік құқығы қайта қаралуы мүмкін
24.11.2026
18:38
Алматылық дәрігерлер салмағы 990 грамм болып ту...
24.11.2026
17:35
Тоқаев әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия...
24.11.2026
17:24
Қостанайда жұмысшыны топырақ басып, көз жұмды