Алакөлде апатқа ұшыраған дельтаплан: зардап шеккендер қазақстандықтардан көмек сұрады
Алакөлде дельтапланмен құлап, зардап шеккен талдықорғандық Баян Мамышеваның туыстары көпшіліктен көмек сұрайды. Бұл туралы Politico.kz тілшісі Almaty.tvAlmaty.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Олар әсіресе апатқа ұшыраған жеңіл ұшаққа мінгендерден сурет, бейнежазба, қызмет ақысын төлеген түбіртек болса, жолдауын өтінді. Зардап шеккен қыздың әпкесінің сөзіне сенсек, гидроплан иесі кәсіппен айналысқанын жоққа шығарған көрінеді. Ал Баян апат болатын күні көлге отбасымен бірге барған. Оқиға анасының, әпкелерінің көз алдында болған. Жеңіл ұшаққа әуеден көлді көріп қайтамын деп мініп, аурухана төсегіне таңылған келіншектің жағдайы ауыр. Ол тіпті жүре алмайды. Дәрігерлердің айтуынша, азаматтың миы шайқалып, көзіне зақым келген, бет сүйегі, аяғы сынып, тізесі жараланған. Туыстары «бір емес, бірнеше күрделі операция жасалуы керек» дейді. Бүгінде ол санитарлық авиациямен Талдықорғанға жеткізілген, облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр.
«Ұшқыш кінәлі. Ешқандай келісім бермедім, ол ұшпауы керек еді» дейді. Бірақ Алакөлде демалғандар оның бағасын, қызмет көрсеткенін біледі. Көпшіліктен ұшаққа отырса, төлем жасаса, хабарласуын өтінемін. Ешкім жауапкершіліктен қашпауы керек. Тәртіп, әділеттік орнауы тиіс», – деді Б. Мамышеваның әпкесі Ақмарал Мамышева.
Фото: ҚР ТЖМ