Respublica партиясында маңызды шешім: Айдарбек Ходжаназаров қайта сайланды
1126
Respublica партиясының кезекті съезінде партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаровтың өкілеттік мерзімін тағы үш жылға ұзарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Politico.kz.
Съезд барысында партияның тең төрағасы Сырымбек Тау қолданыстағы жарғыға сәйкес төраға үш жыл мерзімге сайланатынын, ал Айдарбек Ходжаназаровтың қазіргі өкілеттік мерзімі 29 шілдеде аяқталатынын айтты. Осыған байланысты ол делегаттарға партия төрағасының өкілеттігін ұзарту жөнінде ұсыныс енгізді.
Оның айтуынша, сайлау қарсаңындағы жауапты кезеңде партия басшылығындағы тұрақтылықты сақтау маңызды.
Ұсыныс ашық дауыс беруге шығарылып, съезге қатысқан 592 делегаттың барлығы бірауыздан қолдады.
Осылайша, қабылданған шешімге сәйкес Айдарбек Ходжаназаров Respublica партиясының төрағасы қызметін алдағы үш жыл бойы атқара береді.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...
02.10.2026
22:27
«Өлтіремін» деп қорқытқан: Алматыда бойжеткенді...
02.10.2026
21:30
«Семей орманында» ақша үшін ағаштарды заңсыз ке...
02.10.2026
20:54
Мәмбет Қойгелді: Мұстафа Шоқай мен жарының сүйе...
02.10.2026
20:31
Мәмбет Қойгелді: Алаш болмаса, Сахарада қой бақ...