Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Жүргізуші ауыр халде ауруханаға түсті
1205
Алматы қаласының Әуезов ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөлік салынып жатқан жол өткелінің тірегіне соғылып, аударылып қалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, KIA маркалы автокөлік Төле би көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Яссауи көшесінен өткеннен кейін, жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.
Салдарынан автокөлік салынып жатқан жол өткелінің тірегіне соғылып, кейін аударылған.
Жол апаты нәтижесінде жүргізуші ауыр жарақат алып, қалалық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ көлікте болған жолаушы әйелге де медициналық көмек көрсетілді.
Полицияның алдын ала болжамынша, жол апатына қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамау себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы тергеу нәтижесінде анықталмақ.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...
02.10.2026
22:27
«Өлтіремін» деп қорқытқан: Алматыда бойжеткенді...
02.10.2026
21:30
«Семей орманында» ақша үшін ағаштарды заңсыз ке...
02.10.2026
20:54
Мәмбет Қойгелді: Мұстафа Шоқай мен жарының сүйе...
02.10.2026
20:31
Мәмбет Қойгелді: Алаш болмаса, Сахарада қой бақ...