«1 млрд теңге бөлінген»: Жетісу облысында мердігердің жауапсыздығынан мың оқушы мектепке бара алмай жүр

19.10.2022
01:14
0
145
Жетісу облысында мектептің жөндеу жұмыстарын мердігер компания жарты жылдан бері аяқтай алмай келеді. Күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған болатын. Енді компания жұмысының салғырттығынан бір мыңға жуық оқушы өзге мектептердің оқушылармен қабаттасып оқуға мәжбүр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Сарыөзек кентіндегі №49 мектепке жөндеу жұмыстары маусым айының басында басталған. Бірақ одан бері бес айт өтсе де жұмыстың бітетін түрі жоқ.
Қабырғасы 1958 жылы қаланған мектепті жаңартуға әу баста 823 миллион теңге бөлінген. Екі қабатты ескі мектепті жаңалауға ақша жетпей, жұмыс аяқталмай қалған соң, аудандық білім бөлімі қосымша тағы қаражат қажет деп тапқан.

«Қазір оқушылар аудан орталығындағы өзге екі мектепке бөлініп оқып жүр. 1-4 сыныптың оқушылары Сарыөзек мектебіне, 5-11 сыныптың аралағындағы оқушылар Күреңбел мектебіне қатынап барып білім алып жүр. Мектептің жөндеу жұмыстары уақытынан кешігіп тұр. Тағы қосымша бюджеттен ақша сұратты, құжаттарын дайындап жатыр», - деді Кербұлақ аудандық білім бөлімінің бас маманы Гүлжанат Сағатова.Оқушылар бөлініп барып жүрген қос мектепте онсыз да бала саны аз емес. Күреңбел мен Сарыөзек мектептеріне үшінші оқу орнының оқушылары мен мұғалімдері қабаттасып жүруге мәжбүр. Тендерді «Құрылысшы-ТБС» ЖШС жеңіп алған. Мың оқушы білім алатын мектептегі жөндеу жұмыстарын компания қыркүйек айында аяқтауы тиіс болған. Бірақ бірінші тоқсан бітуге жақындаса да мектеп әлі жаңартылған жоқ.

«Қосымша құжаттар дайындап, сараптамаға жібердік. Сараптамаға жіберілген өтініш 45 күнде қаралады. Одан кейін бюджет бөлінеді. Мектептің жертөлесінен су шығып кетті. Оны қазып, кептіру керек. Мектептің астындағы су қыста кеппейді, жазда құрғауы мүмкін. Сондықтан жұмыстың қашан аяқталатынын нақты айта алмаймын», - деді мердігер мекеменің қызметкері Берік Құсайынов.

«Қосымша тағы 200 миллион теңгеге өтінім берілді. Қаражат әлі бөлінген жоқ, күтіп отырмыз. №49 мектепте 950 бала оқып келген. Жөндеу жұмыстары аяқталғанша осылай басқа жаққа барып оқуға мәжбүр. Жүзден астам қызметкер бар», - деді Сағатова.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

20.04.2025
09:13
Тоқаев христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады

19.04.2025
17:05
АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетпеуі мүмкін –...

19.04.2025
16:03
Бұрынғы танымал футболшы жол апатынан көз жұмды

19.04.2025
15:05
Ақ үй коронавирус инфекциясының "нағыз шығу тег...

19.04.2025
13:07
Ақтаулық жаттықтырушы қыздың өлімі: зорлықпен р...

19.04.2025
12:04
Қазақстанда пойыз 1 сағаттан артық кешіксе биле...