Ақтаудағы түрмеде шу шықты: Бейнебақылау камераларын қиратқан екі сотталушының жазасы ұзартылды
Маңғыстау облысындағы №77 түзеу мекемесінде екі сотталушы бейнебақылау камераларын әдейі бүлдіргені үшін қосымша жаза алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Олар мекемедегі үш камераны істен шығарып, келтірілген материалдық шығынды да өтеуге міндеттелді.
Оқиға түзеу мекемесінің аумағында болған. Мәліметке сәйкес, сотталушылардың бірі бейнебақылау камерасын жұдырығымен ұрып, сымдарымен бірге жұлып алған. Ал екіншісі бірден екі камераны жарамсыз күйге келтірген.
Аталған әрекеттері үшін екеуіне де қосымша бір жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл мерзім олардың бұрынғы жазасына қосылады. Сонымен қатар сотталушылар бүлінген жабдықтардың құнын өтеуге тиіс.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
16:28
Ақтаудағы түрмеде шу шықты: Бейнебақылау камера...
14.11.2026
15:26
Жүргізушісі есінен танып қалған: Теміртауда жол...
14.11.2026
14:19
2023 жылы із-түзсіз кеткен ер адамға не болғаны...
14.11.2026
14:16
Басшысы ұсталған ҚТЖ тергеуге көмектесетінін мә...
14.11.2026
14:04
Ғылымға бөлінген миллиардтар: «Заң мен тәртіп» ...
14.11.2026
13:53
«Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуме...