"1 млрд теңге төлеуіміз керек": түрмеден шыққан Мейірхан Шерниязов шындығын айтты

27.11.2025 10:20 Мөлдір Талғат
0
76
Фото: ашық дереккөз

Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталып, 5 жылға сотталып кеткен Мейірхан Шерниязов төрт ай бұрын абақтыдан босатылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, мойнында 12 млрд теңге қарыздың барын айтты.

«Кесілген бес жыл жазамды толық өтеп шықтым. Уақытша ұстау изоляторында отырған бір күніміз екі күнге есептелді. Солай бес жыл жазаны үш жарым жылда өтеп шықтым. Бірақ қосымша жаза бар. Мойнымызға искті іліп қойды.  12 адам 800-900 миллион ба, сондай, 1 миллиардқа жуық ақша төлеуіміз керек. Бірақ ол жерде жеке сот орындаушының шығындарын қосқанда 1 млрд бір жүз миллион теңгедей шығып тұр. Заң жүзінде «солидарный» деп бөлді. Мен күшті болып, жұмыс істеп, байып кетіп, 800 миллион теңгесін құйып тастасам да, ар жағында 10 миллион теңге болса да менің мойнымда тұрады. Өйткені «солидарный» деген сол. Түгел жабылуы керек, сонда бәрінің мойнынан алынады. Соттың шешімі сондай. Негізі әркімге бөліп берсе сол дұрыс болар еді деп ойлаймын. Жұмыс істеп жатырмыз ғой. Жұмыс істеген соң табыстың жартысы алынады, алынып жатыр. Түрмеден шыққаннан бергі төрт айда жұмыс істеп үлгерген жоқпын. Түрмеде жүргенде істедім. Ол жақта минималды жалақы береді. 85 мың теңге. Соның 50 пайызын ұстап қалады. Негізгі мамандығым геолог-мұнайшы. Бірақ түрмеде тек разнорабочий ретінде ғана жұмыс істей аласың. Мен де солай разнорабочий болып, әртүрлі жұмыс істедім. Сол жерде мен пиар-менеджер, маркетолог болсам, көбірек ақша табуға болар еді. Бірақ оған мүмкіндік бермейді», - дейді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий