1 шілдеден бастап несие алу қиындайды: кімдер қарыз рәсімдей алмай қалуы мүмкін?
Қазақстанда 1 шілдеден бастап тұтынушылық несие беру талаптары күшейеді. Енді банктер мен қаржы ұйымдары несие рәсімдеу кезінде азаматтардың тек ресми табысына сүйенеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Жаңа ережеге сәйкес, төлем қабілеттілігі мынадай ресми кіріс көздері арқылы анықталады:
- зейнетақы жарналарының тұрақты аударылуы;
- әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері;
- ресми декларацияланған кәсіпкерлік табыс.
Егер азаматтың мемлекеттік базаларда расталған табысы болмаса, несие немесе бөліп төлеу рәсімдеу қиындай түспек.
Жаңа талаптар ең алдымен:
- жалақыны «конвертпен» алатындарға;
- ресми тіркелмеген фрилансерлерге;
- такси жүргізушілері, құрылысшылар секілді өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға;
- тұрақты жұмысы жоқ азаматтарға әсер етеді.
Бұл шектеулер тек ірі несиелерге емес, смартфон, тұрмыстық техника секілді тауарларды бөліп төлеуге де қатысты болады.
Мамандар көлеңкелі табыспен жұмыс істейтін азаматтарға қызметін заңдастырып, ресми тіркелуге кеңес береді. Өйткені енді несие алудың басты шарты – расталған ресми табыс болмақ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
00:31
«Ауылыңа кет»: Алматыда қазақша жазғаны үшін жұ...
05.11.2026
23:16
Дастан Сәтбаевқа қатысты «Бернли» бапкері жағым...
05.11.2026
22:21
Ақтауда тұрғындар жылусыз қалды: Ашынған жұрт ж...
05.11.2026
21:33
Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жұ...
05.11.2026
20:31
«Кезексіз кіргізіп беремін»: Баласын балабақшағ...
05.11.2026
19:48
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларын ұстады – БАҚ