16:00-дегі дерек: Референдумға 8 миллионнан астам адам қатысқан
Қазақстандықтардың 64%-ы референдумға қатысқан
15 наурыз күні өтіп жатқан республикалық референдум бойынша сағат 16:00-дегі алдын ала қатысу көрсеткіштері жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстан бойынша референдумға қатысу деңгейі 64,43%-ды құрады. Орталық комиссия таратқан мәліметке сәйкес, ел бойынша 12 461 796 азамат референдумға қатысу құқығына ие болса, олардың 8 029 286-сы дауыс беріп үлгерген.
Аймақтар бойынша қатысу көрсеткіштері әртүрлі. Ең жоғары белсенділік Қызылорда облысында тіркелді – 82,02%. Сондай-ақ жоғары көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысында (78,98%) және Ақтөбе облысында (77,65%) байқалды.
Ал республикалық маңызы бар қалалар ішінде Шымкентте қатысу деңгейі 72,61%-ды құраса, Астанада – 47,76%, Алматыда – 28,16% болды.
Референдум учаскелері кешкі уақытқа дейін жұмысын жалғастырады. Ресми қорытынды нәтижелер дауыс беру аяқталғаннан кейін жарияланады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...
27.10.2026
17:25
Астанаға әкім, федерацияға президент: Жеңіс Қас...
27.10.2026
17:21
Тоқаев ертең халыққа жолдау жасап, Түркияға ұшады
27.10.2026
17:15
«Күліп жүрші, саған жарасады»: Олжас Абай жары ...
27.10.2026
16:49
Павлодарда шәкіртіне қол көтерген жаттықтырушығ...
27.10.2026
16:24
Трамп Тоқаевқа желтоқсандағы кездесуді асыға кү...