«Кейін өзіңіз өкініп қаласыз»: Қазақстанның сыртқы істер министрі маңызды ескерту жасады
1548
“Дубайда қонақүй бағасы арзандаса да”
Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев референдум учаскесінде журналистерге Таяу Шығыс елдеріне сапар жоспарлап отырған азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Министрдің айтуынша, министрлік бұған дейін бірнеше рет ескерту жасаған. Журналисттер оған Дубайдағы бес жұлдызды қонақүйлер бағасын едәуір төмендеткенін еске салған. Алайда Көшербаев бұл жағдайда да қақтығыс жүріп жатқан елдерге саяхаттауды ұсынбайтынын атап өтті:
“Ешкім не болатынын алдын ала білмейді, кейін өзіңіз өкініп қаласыз. Бұл жауапкершілік тек өзіңізге ғана емес, туыстарыңызға да қатысты. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік шығындарды да талап етеді, бәрін бірден шешу мүмкін емес. Генконсулдықтар, консулдықтар, елшіліктер — олар өз жұмыстарын атқарып жатыр”, — деді Көшербаев.
Азаматтарды демалысқа шыққанда ішкі туризмге назар аударуға шақырған министр мысал ретінде Каспий, Бурабай және Алматыны атады.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
21:34
Гүлмира Ізбасхан: Шашым мен татуировкам үшін Құ...
12.09.2026
21:00
Баян Алагөзова: Балаларыма аз уақыт бөлдім деп ...
12.09.2026
17:16
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы м...
12.09.2026
16:23
188 адам жаппай уланып, 15 бала ауруханаға түст...
12.09.2026
15:34
Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман үйленгелі жатыр
12.09.2026
14:55
Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, екі жасар ба...