«200–250 мыңмен өмір сүруге болады»: Мәжіліс депутаты бір айлық күнкөріс бағасын айтты

01.04.2026 20:34 Қарақат АСЫЛОВА
«200–250 мыңмен өмір сүруге болады»: Мәжіліс депутаты бір айлық күнкөріс бағасын айтты
228
Депутат пікірі қоғамды екіге бөлді

Қазақстан Парламентінің екі депутаты өздеріне жеткілікті деп санайтын зейнетақы көлемін жариялап, қоғамда үлкен талқы туғызды,:деп хабарлайды Politico.kz сайты Ertenmedia.kz сайтына сілтемемен.

Мәжіліс депутаты Құдайберген Бексұлтанов пен Сенат депутаты Бекболат Орынбеков бұл мәселе бойынша пікір білдірді.

Құдайберген Бексұлтанов 25 жылдан астам депутаттық тәжірибесіне сүйене отырып, адамның табысқа деген сұранысы ешқашан толық қанағаттанбайтынын атап өтті. Оның айтуынша, қанша табыс тапса да, адамға әрдайым аз көрінуі мүмкін. Дегенмен, ең бастысы – өз қажеттіліктерін дұрыс бағалап, соған сай өмір сүру. Мәжілісмен қазіргі таңда өзі айына шамамен 246 мың теңге зейнетақы алатынын айтты. Ол мәселе тек ақша көлемінде емес, адамның өмір сүру дағдысына да байланысты екенін ерекше атап өтті.

Ал сенатордың пікірінше, айына 200–250 мың теңге көлеміндегі табыс негізгі қажеттіліктерді өтеуге жеткілікті. Ол өзін қарапайым халықпен салыстырып, дүкенге барып, коммуналдық төлемдерді өзі төлейтінін жеткізді. Сонымен қатар, бұл соманы шамамен 500 доллармен салыстыруға болатынын да айтты.

Депутаттардың бұл мәлімдемесі қоғамда қызу пікірталас тудырды. Көпшілік зейнетақы мөлшерінің шынайы өмірдегі қажеттіліктерге қаншалықты сай келетінін талқылауда. Сарапшылардың пікірінше, қағаз жүзіндегі «жеткілікті» деңгей мен халықтың нақты күнкөріс шығындары арасында айырмашылық бар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий