2026 жылы Депутаттарды күтіп-ұстауға бюджеттен қанша теңге бөлінеді?
2026 жылы Қазақстан Парламентін күтіп-ұстауға бюджеттен 7,8 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Вице-министрдің айтуынша, бұл қаражат депутаттардың қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Мәжіліс пен Сенаттың саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысына жұмсалады.
Сондай-ақ, бұл сомаға депутаттардың көмекшілерінің еңбекақысы, көлік шығындары және басқа да ілеспе шығыстар кіреді.
«Қазір Мәжілісте 98, Сенатта 50 депутат бар. Жалпы – 148 депутат. Олардың көмекшілері бар. Сонымен қатар, көлік және тағы басқа ілеспе шығыстар бар. Парламенттің қызметіне 2026 жылға шамамен 7,8 млрд теңге қарастырылған», – деп түсіндірді Абзал Бейсенбекұлы.
Бейне: ORDA
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...