"2023 жылдан бері алысып келемін": Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығы туралы айтты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына байланысты мәселесімен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Әрдайым позитивті көңіл-күйімен бөлісіп жүретін өнер иесі бұл жолы оқырмандарына тіс пен жақ сүйегі мәселесіне қатысты өз тәжірибесін ашық айтты.
«Мен сол тістің жырымен жүрген жайым бар. Жұлдыз, сәл шыда, аз-ақ қалды деп жүрмін. Қай этапқа келгенімізді көрсетейін. Бірақ шошып кетпеңіздер», – деп жазды ол.
Актрисаның айтуынша, ол 2023 жылдан бері жақ сүйегіндегі ақауларды түзету мақсатында күрделі ем-дом шараларын қабылдап келеді.
«2023 жылдан бері жақпен алысып келеміз. Мен де қайтпаймын, жақ та шаршамайды. Фиништің ауылы алыс емес. 2026 жылы бітеді, дейді-мыс», – деп жазды ол Instagram парақшасына.
Жазбасымен бірге ол ем барысындағы суретін де бөлісті. Оқырмандар Жұлдыздың ашықтығы мен табандылығына жылы лебіздерін білдіріп, денсаулық тіледі.
Соңғы жаңалықтар





