СҚО-да ер адам өзін өртеп жіберді, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болған

СҚО-да ер адам өзін өртеп жіберді, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болған
ЖИ арқылы жасалған

Солтүстік Қазақстан облысындағы Дмитриевка ауылында 31 жастағы ер адам өзін өртеп, көз жұмды. Мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Politico.kz.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жігіт оқиға алдында әйелімен жанжалдасқан. Кейін ата-анасының үйіндегі моншаға барған. Сол жерде суицид жасаған.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы екі адамның жағдайына қатысты мәлімет берді.

«1995 жылы туған азамат оқиға орнында қайтыс болды. Өлім себебі – оттың әсерінен өзіне қасақана зақым келтіру. 1962 жылы туған азаматтың өзіне қол жұмсау мақсатында жарақат алғаны анықталды. Оған алғашқы медициналық көмекті фельдшер көрсетті. Хирургтің кеңесіне жүгіну ұсынылды», – деп хабарлады басқарма.

СҚО полиция департаменті осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 31 жастағы тұрғын жеке үйдің аумағында суицид жасаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», – деп хабарлады полиция.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу