"Елдің байлығы — біреудің жеке меншігі емес": Руслан Өтепбай мәлімдеме жасады

"Елдің байлығы — біреудің жеке меншігі емес": Руслан Өтепбай мәлімдеме жасады
Фото: видеодан скриншот

Белгілі журналист Руслан Өтепбай еліміздің ұлттық байлығын басқаратын «Самұрық-Қазына» қорының басшылығына қатысты жемқорлық күдігі мен бюджет қаржысының жұмсалуы туралы өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналистің айтуынша, бір жағынан халықтың әлеуметтік шығындары қайта қаралып, бюджет қаржысын үнемдеу мәселесі көтеріліп жатқанда, екінші жағынан ұлттық қордағы миллиардтаған қаражаттың игерілуіне қатысты қоғамда үлкен күмән туындап отыр:

«“Самұрық-Қазына” — елдің ұлттық байлығын басқаратын қор. Ал оның басшылығына қатысты жемқорлық күдігі қоғамда үлкен сұрақ туғызды. Бір жағынан, бюджет қаржысын үнемдеу мәселесі көтеріліп, халықтың әлеуметтік шығындары қайта қаралуда. Екінші жағынан, миллиардтаған қаржының қалай жұмсалып жатқанына қатысты сұрақтар бар. Неге қарапайым халықтың әр теңгесі есептеледі де, ұлттық байлықтың жұмсалуына қатысты күмән туындайды?», — деді ол.

Сонымен қатар Руслан Өтепбай мемлекеттік қаржының әр тиыны ашық әрі тиімді жұмсалуы тиіс екенін баса айтты:

«Бюджетті үнемдеу қажет! Бірақ мемлекеттік қаржының тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету де маңызды. Өйткені елдің байлығы — біреудің жеке меншігі емес, халықтың қазынасы!», — дейді журналист.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу