2026 жыл – Жылқы жылы: нумеролог қандай өзгерістер күтетінін айтты

01.01.2026 10:48 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
2026 жыл – Жылқы жылы: нумеролог қандай өзгерістер күтетінін айтты
0
215
Фото: ашық дереккөз

2026 жыл – Жылқы жылы. Нумеролог Құралай Бақыт Jibek Joly телеарнасының Bugin LIVE бағдарламасында келер жылдың қоғам мен адам өміріне тың серпін әкелуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, 2026 жылдың негізгі саны – 1. Ал бұл сан жаңа бастаманы, қозғалысты және алға қадам жасауды білдіреді. Сол себепті келесі жылы адамдар батыл шешім қабылдап, тәуекелге жиі баруы мүмкін.

Құралай Бақыт 2026 жылды шартты түрде ғылым, спорт және IT салаларының жылы деп атады. Автоматтандыру, жасанды интеллект, логикаға негізделген бағыттар қарқынды дамиды. Сонымен қатар, жылдың стихиясы – от, яғни жылдамдық пен ірі өзгерістер кезеңі болмақ. Осыған байланысты әлемде де, Қазақстанда да процестер ширақ жүріп, жаңашылдық көбейеді.

Егер 2025 жылы шығармашылық пен шоу-бизнес белсенді болса, 2026 жылы спорт пен денсаулық басты назарға шығады. Нумерологтың пікірінше, адамдар дұрыс тамақтануға, спортпен айналысуға және жалпы денсаулыққа көбірек мән бере бастайды.

Жеке өмірге қатысты болжам да бар. Маман жылдың екінші жартысы отбасы құруға қолайлы екенін, ал алғашқы айларда асығыс шешім қабылдамауға кеңес берді. Бойдақтар үшін 2026 жыл жағымды өзгерістерге толы болуы мүмкін.

Айлар бойынша қысқаша болжам:

  • Қаңтар–ақпан – медициналық тексеруден өтуге қолайлы;
  • Наурыз, сәуір, тамыз – үй алуға ыңғайлы кезең;
  • Мамыр – білім мен оқуға инвестиция салуға жақсы уақыт.

Туған жылдарының соңғы санына қарай:

  • 6–7 – махаббат, отбасы және мансапта үйлесім;
  • 2–3 – табыс артып, ірі сатып алуларға қолайлы;0–1 – рухани ізденіс күшейіп, денсаулыққа мән беру қажет;
  • 4–5 – сапарлар мен қозғалыс көбейеді;
  • 8–9 – жаңа бастамаларға жол ашылады.

Нумерологтың айтуынша, 2026 жылдың түсі де от стихиясына сай – қызыл.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий