«Қайраттың» 14 футболшысы еңбек сіңірген спорт шебері атанды

«Қайраттың» 14 футболшысы еңбек сіңірген спорт шебері атанды
Коллаж: Politico.kz

Алматылық «Қайрат» футбол клубының 14 ойыншысына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді. Марапатталғандардың арасында Дастан Сәтпаев та бар. Бұл туралы клуб әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Politico.kz.

Марапаттау рәсімі Т. С. Сегізбаев атындағы академияда өтті. Футболшыларға құрметті атақты «Қайраттың» бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, клубтың бас директоры Асқар Есімов және қазақстандық футбол ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Ваит Талгаев табыстады.

Еңбек сіңірген спорт шебері атағына Темірлан Анарбеков, Дамир Қасабулат, Әділет Садыбеков, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лев Кургин, Олжас Байбек, Азамат Тұяқбаев, Шерхан Қалмұрза, Мансұр Бірқұрманов, Мұхамедәли Әбіш және Рамазан Бағдат ие болды.

Сондай-ақ қазір өз клубының құрамында жүрген Дастан Сәтпаевқа да осы атақ берілген.

Марапаттау рәсімінен кейін футболшылар академияның жас тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға ақыл-кеңесін айтып, алдағы уақытта бұдан да биік жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу