"Ерлі-зайыптылар бірін-бірі өмір бойы сүйіп өтуі керек": Төреғали Төреәлі жарына ән арнады

"Ерлі-зайыптылар бірін-бірі өмір бойы сүйіп өтуі керек": Төреғали Төреәлі жарына ән арнады
Фото: instagram.com/toregalitoreali

"Ерлі-зайыптылар бірін-бірі өмір бойы сүйіп өтуі керек": Төреғали Төреәлі махаббат пен сағынышқа толы жаңа әнін ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі тыңдармандарына махаббат пен сағыныш тақырыбындағы жаңа туындысын тарту етті.

Жаңа әннің сөзін белгілі ақын Қалқаман Сарин жазса, әуенін сазгер Алмас Мұхтарұлы шығарған. Ән мәтінінде терең сағыныш пен сезім иірімдері суреттеледі:

«Мені ешкім сағынбасын. Сен сағын!..

Сағын… көзден үзіп мұңның моншағын.

Дәл осылай сағынуға бола ма? – деп, таңғалсын

Аспан. Ай. Күн. Жер шары!..», — делінген туындыда.

Өнер иесі жаңа әнін көпшілікке таныстыра отырып, отбасылық құндылықтар мен ерлі-зайыптылар арасындағы сезім туралы да ой бөлісті:

«Ерлі-зайыптылар бірін-бірі өмір бойы сүйіп өтуі керек. Қалғаны өзінен-өзі шешіледі», — деп жазды Төреғали Төреәлі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу