2026 жылғы ҰБТ-ға қатысты маңызды ақпарат шықты
2197
Бүгін, 2025 жылғы 15 желтоқсанда, Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) келесі жылы ҰБТ тапсыратын түлектерге маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Оларға біртұтас ұлттық тестілеуді жылына 5 рет тапсыру мүмкіндігі бар екені ескертілді:
- қаңтар, наурыз, тамыз – ақылы негізде қабылдау үшін (3 рет);
- негізгі тестілеу (мамыр–шілде) – грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде қабылдау үшін 2 рет.
Кім қатыса алады?
- Осы жылғы мектеп бітірушілер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
- Жоғары оқу орнына шартты қабылданғандар – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
- Колледж бітірушілері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
- Алдынғы жылы мектеп бітірушілері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
- Шетелде білім алған Қазақстан азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
- Қазақ ұлтының шетелдік азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
- Шығармашылық мамандық студенттері, басқа мамандыққа ақылы негізде ауысқысы келетіндер – қаңтар, тамыз;
- "Педагогикалық ғылымдар" мамандығына ақылы негізде ауысқысы келетін студенттер – қаңтар, тамыз.
2025 жылғы 12 қарашада 2026 жылы қабылдау үшін ҰБТ межелік баллдары жарияланған болатын.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
15:42
Астанада отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыпты...
15.09.2026
15:04
Тарихи сәт: 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астанад...
15.09.2026
14:41
Қазақстанда кен өндіру өскенімен, мыс қорыту ке...
15.09.2026
14:19
«Қатты жүдеп, шөгіп кетіпті»: Уәлибек Әбдірайым...
15.09.2026
13:42
Болат Нұрсейітов ШҚО полициясы басшысының бірін...
15.09.2026
12:40
Жамбыл облысында полиция майоры ұсталды