2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі
1747
2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі, – деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл өсім 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген. 2026 жылы елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге дейін ұлғаяды. Қазір ол 62 771 теңгеге жетті. Осылайша, өсім 6 278 теңге болады. Сонымен қатар базалық зейнетақы төлемі де артып, 2026 жылы 35 596 теңгеге дейін көтеріледі. Өсім көлемі – 3 236 теңге.
2026 жылы индексациядан кейін ең төменгі зейнетақы мөлшері 104 645 теңге, ал ең жоғары зейнетақы 238 412 теңге болады.
Айта кетейік, Қазақстанда зейнет жасына шығу жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас. Бұл норма 2028 жылға дейін сақталады. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнеткер саны 2 млн 516 мың адамға өскен.
Соңғы жаңалықтар
30.09.2026
23:27
Қазақстан төрешілер шешіміне келіспеді: Сабырха...
30.09.2026
22:12
«Төрешілермен келіспейтін тұстарым бар»: Елдос ...
30.09.2026
21:27
«Жоғары бағалаймыз»: Кремль Қазақстан Президент...
30.09.2026
21:03
Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттың тер...
30.09.2026
20:07
Тоқаевқа Бавария Премьер-министрі ерекше сыйлық...
30.09.2026
19:20
Полиция пунктінен 23 жастағы қыз өлі табылд...