Балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынды ма? Министрлік жауап берді

Балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынды ма? Министрлік жауап берді
Фото: ЖИ

Қазақстанда қоғамдық көлікте балалар арбасымен жүруге тыйым салынбаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, қолданыстағы ережелер ата-аналарға балалар арбасымен автобусқа мінуге рұқсат береді. Яғни қоғамдық көлікте арбамен жүруге ешқандай тыйым жоқ.

Алайда автобус іші жолаушыларға толы болған жағдайда жүргізуші немесе көлік қызметкерлері арбаны бүктеуді сұрауы мүмкін. Бұл үшін салонда бос орын болуы және ата-анаға арбаны жинауға мүмкіндік қарастырылуы керек. Сонымен қатар балалар арбасы басқа жолаушылардың қозғалысына кедергі келтірмеуі тиіс.

Министрлік ата-ананың арбаны бүктеуге ыңғайсыздығы болса, қоғамдық көлікте оны жайылған күйінде алып жүруіне болатынын атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу