«3 жылға қамалуы мүмкін»: Прокурор Нұрсұлтан Жақсыгенге жаза мерзімін сұрады
Танымал актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты өтіп жатқан сот отырысында мемлекеттік айыптаушы оны үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы іс бойынша жәбірленуші, блогердің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы мәлімдеді. Белгілі болғандай, актерге экс-зайыбының ар-намысына нұқсан келтіретін жағымсыз мәліметтер таратты деген айып тағылып, ол сот алдында жауап беруде.
14 қыркүйек күні өткен сот тыңдалымы жабық форматта ұйымдастырылған. Процеске онлайн қатысқан Фариза Алмасқызы соттан соңғы мәліметтермен бөлісті.
«Құрметті достар, бүгін Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот отырысы өтті. Біз онлайн қатыстық. Сот барысында прокурор Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ әлі соңғы шешім шыққан жоқ. Үкім 16 қыркүйекте белгілі болады», – деді ол.
Атышулы іс бойынша соттың түпкілікті үкімі 16 қыркүйек күні жарияланады деп күтілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...