31 жылдан соң жеткен марапат: ІІМ-де ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі ұлықталды
356
Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күндері атап өтілді. Ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшылар мен айбынды ардагерлерге құрмет көрсетілді,
Айтулы күні Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Құрмат Рахимов “Құрмет” орденімен марапатталды. Сұрапыл соғыста табандылығымен елді жаудан қорғаған ақсақал бүгінде 100 жасқа толып отыр. Тәуелсіздік жылдары қызмет бабында ішкі істер органдарының 800-ден астам қызметкері көз жұмған. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданы Ішкі істер басқармасының аға инспекторы Анатолий Добрынин. Ол 1993 жылы полиция ғимаратына жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру кезінде қаза тапты. Қасындағы әріптесі Серік Оразалинмен бірге қаскөйлерге қарсы тұрып, табельдік қаруды басып алуға жол бермеді.– Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні – рухы жағынан бір-бірін толықтыратын, ұрпаққа сабақ болатын қос тарихи күндер. Кешегі жау оғынан қорғаған майдангерлер, тыл еңбеккерлері және бейбіт заман батырларының ерліктерін ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз! – деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Марқұм Анатолийдің марапатын – “Ерлігі үшін” медалін бауыры Юрий Добрынин алды.– Екі офицердің әрекеті жоғары бағаланып, мемлекеттік наградалар өз батырларын 31 жылдан кейін тапты. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Архивтерді зерделейміз. Ерліктері бағаланбай, көлеңкеде қалып қойған батырлардың есімдерін ұлықтайтын боламыз! – деді Ержан Саденов.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
22:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Путин — Орталық Азия, Еур...
29.09.2026
21:29
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайерді ...
29.09.2026
20:38
Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналым...
29.09.2026
19:17
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: Полиция фейк ақпар...
29.09.2026
17:47
Павлодарда кәсіпкерді аса қатыгездікпен өлтірге...
29.09.2026
17:15
Аза тұту күні TikTok-та билеген петропавлдық бл...