“39 адаммен контакт болған”: Астанадағы балалар ауруханасының медбикесінден туберкулез анықталды

24.05.2026 12:37 Қарақат АСЫЛОВА
“39 адаммен контакт болған”: Астанадағы балалар ауруханасының медбикесінден туберкулез анықталды
249
Ашық дереккөз
Байланыста болған 39 адам қайта тексерістен өтті

Астанадағы №1 қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін, қала әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы деректі растады.

Ведомство мәліметінше, медбике жұмысқа рұқсаты болған және соңғы рет флюорографиялық тексеруден 2026 жылдың ақпан айында өтіп, нәтижесі таза болған. Алайда сәуір айында денсаулығына байланысты медициналық көмекке жүгінгеннен кейін туберкулез анықталған. Ол соңғы рет 24 сәуірде жұмысқа шыққан.

Қазіргі уақытта науқас қалалық фтизиопульмонология орталығында ем қабылдап жатыр.

Байланыста болған қызметкерлер де тексерістен өткен. Соңғы 6 айда флюорографиядан өтпеген 39 адам қайта тексеріліп, олардың бәрінен ауру белгісі анықталмаған.

Сонымен қатар соңғы үш айда медбикемен байланыста болған барлық адамдар анықталып, қосымша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда олардың арасында жұқтырғандар бар-жоғы нақтыланбаған.

Оқиғадан кейін ауруханада дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.

Войдите, чтобы оставить комментарий