Словакияда төрт қазақстандық ұсталды

Словакияда төрт қазақстандық ұсталды
Фото: tnlive.sk

Словакияда құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып көрініп, ақша бопсалады деген күдікпен бір топ жас ұсталды. Олардың арасында Қазақстан азаматтары бар. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі елдің төрт азаматы ұсталғанын растады, деп хабарлайды Politico.kz.

«ҚР СІМ-ге Словак Республикасында Қазақстанның төрт азаматының ұсталғаны белгілі. Азаматтарға консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде, олардың туыстарымен байланыс орнатылды. Бұл жағдай ҚР СІМ-нің бақылауында», – деп хабарлады министрлік.

Словакияның tnlive.sk порталының жазуынша, полиция бес күдіктінің төртеуін ұстаған. Олар Тренчин қаласындағы университетте оқиды. Басылымның мәліметінше, ұсталған студенттердің үшеуі Қазақстаннан.

Тергеу нұсқасы бойынша, жастар полиция қызметкерлерінің формасын киіп, жергілікті тұрғыннан ақша бопсаламақ болған. Олар әлгі адамды әжесінің үйінен іздеген.

Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу