Ақтөбеде адам ұрлады деген бес кісі сотталып жатыр
Ақтөбеде жолда сөзге келіп қалған жаяу жүргіншіні келесі күні үйінің алдынан күштеп алып кеткен бес ер адам сотқа тартылды. Олар «адам ұрлау» және «бұзақылық» жасады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға биыл шілде айында болған. Жәбірленуші «Мәскеу» тұрғын алабында жолдан өтіп бара жатқанда жаяу жүргіншілер өткеліне Lexus көлігі тоқтаған. Көлік жүргізушісі мен жаяу жүргіншінің арасында сөзге келіспеушілік туып, кейін екеуі өз жөндеріне кеткен.
Алайда тергеу дерегінше, жүргізуші жігіттің қайда тұратынын анықтап, келесі күні төрт адаммен бірге үйіне барған. Сол кезде жәбірленуші таксиге отырғалы жатқан. Бес ер адам оны көліктен күштеп шығарып, Lexus-ке отырғызған да, белгісіз бағытқа алып кеткен.
Адам ұрлау сәті басқа көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Оны көрген жүргізуші дереу 102 нөміріне хабарласып, полиция араласқан.
Қазір бұл істі Ақтөбе қаласының №2 соты қарап жатыр. Сотталушылардың ешқайсысы өз кінәсін мойындамаған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.11.2026
10:21
Дүниеге келе сала жол апатына түскен сәбиді дәр...
21.11.2026
09:52
Ақтөбеде адам ұрлады деген бес кісі сотталып жатыр
21.11.2026
09:08
Түркістанда 9-сынып оқушысы 20-дағы жігітті өлт...
20.11.2026
18:13
Құлыбаевтың есімі атышулы халықаралық зерттеуде...
20.11.2026
17:51
"Жүрегімде әлі де махаббат бар": Мөлдір Мұқан ж...
20.11.2026
17:12
Тоқаев түйеші, жылқышы және бұзау күтушіні мара...