"4 жасар қызымды зорламақ болды": Балқашта 8 жастағы баланы ұрып-соққан ер адам өз нұсқасын айтты

06.08.2025 08:39
0
269
Фото: әлеуметтік желі

Балқашта 8 жастағы баланың соққыға жығылу оқиғасына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Ер адам балалар тамақтанғаннан кейін планшет қарауға кеткенін айтты. Ал ол сол уақытта үстел үстін тазалап қалған. 10-15 минуттан кейін ер адам балалар отырған бөлменің жанынан өтіп бара жатып қызын киімсіз көреді. Ал 8 жасар баланы шалбары түсірілген күйде көрген. 

Ер адам сол мезетте ашуына ерік беріп, баланы ұрып-соққан. Ол тіпті өзі не істегін де білмей қалған. 4 жастағы қыздың әкесі «ұят болады» деп полицияға жүгінбепті. Ол жанжал шығарғысы келмейтінін, тіпті зардап шеккен баланың отбасына емделуге ақша бергісі келетінін айтты. Алайда баланың анасы оқиғаны көпшілікке жария етіп жіберген. 

Қарағанды облысының полициясы Балқашта 8 жастағы баланы ұрып-соқты деген күдікке ілінген ер адамның мәлімдемесіне түсініктеме берді. Енді полиция ер адамның «4 жастағы қызыма тиісті» деген нұсқасын тексермек. Ведомство кәмелетке толмаған адамға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий