«45 жасқа — 45 раушан». Танымал визажист Роза Әлқожаға тосынсый жасап, ағынан жарылды

13.10.2026 • 16:11 Мөлдір ҚАЙНАР
«45 жасқа — 45 раушан». Танымал визажист Роза Әлқожаға тосынсый жасап, ағынан жарылды
118
Фото: коллаж politico.kz

Белгілі визажист Ардақ Аймахан қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, ақын әрі композитор Роза Әлқожаға арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Сұлулық шебері әншінің Астана төрінде өткен жеке шығармашылық кешінде оның сахналық образын жасап, өнер иесіне ерекше құрмет көрсеткенін айтты. Мерейтой иесін 45 жасқа толуымен құттықтаған ол Роза Әлқожаға 45 тал раушан гүлін тарту еткен.

«Кейбір жандардың сұлулығы тек сырт келбетінде емес, жүрегінде, болмысында, өнерінде жатады. Роза ханым — дәл сондай ерекше жан! Ақын, композитор, көпбалалы ана… Бір бойына осынша қасиетті сыйдырған өнер иесінің бойындағы нәзіктікке, қарапайымдылыққа, аналық мейірімі мен өнерге деген адалдығына сүйсінесің. Бүгін осындай тұлғаға образ жасау бақыты бұйырды. Бұл мен үшін жай ғана макияж емес, үлкен сенім әрі ерекше мәртебе болды», — деп жазды ол.

Сондай-ақ визажист қазақтың ерке қызына айналған әншіге зор денсаулық, таусылмас шабыт және отбасылық береке тілеп, ақ жарма тілегін жеткізді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий