6 қазанда Еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі

6 қазанда Еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі
06.10.2025 09:23
0
123

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің бірқатар өңірінде 6 қазан күніне арналған дауылды ескерту жариялады. Қолайсыз ауа райына байланысты жел күшейіп, тұман түсіп, үсік жүреді және өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

05-06 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 06 қазанда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Шымкент қ.: 06 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

06 қазанда түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

06 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 5 градус үсік күтіледі.

06 қазанда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

06 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

06 қазанда күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші  15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

06 қазанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.  

06 қазанда Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

06 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігіндеорталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

06 қазанда Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

06 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.

06 қазанда Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий