Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған қызды көлік қағып кетті

Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған қызды көлік қағып кетті
Фото: Алматы ПД

Алматы қаласында жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған қызды BYD автокөлігі қағып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға салдарынан зардап шеккен бойжеткен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы Бостандық ауданында, Абай даңғылының Өтеген батыр мен Тілендиев көшелерінің арасындағы бөлігінде болған. Полицияның мәліметінше, көлік шығыс бағытта қозғалып келе жатқан.

Осы уақытта екі қыз жолды жаяу жүргіншілер өткелінен емес, белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Соның салдарынан олардың бірін көлік қағып кеткен. Зардап шеккен қыз дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция өкілдері тұрғындарға жолдан тек арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтуді ескертті. Мамандар жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өту ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу