«72 рет пышақ тығар едім»: Нұрай Серікбайға қатысты жаға ұстатар пікір жазған адам ұсталды
Нұрай Серікбайға қатысты әлеуметтік желіде қоқан-лоқы сипатындағы пікір қалдырған аккаунт иесі анықталып, полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы марқұмның туған-туыстарының мүддесін қорғайтын заңгер Аянхан Омаров мәлімдеді.
Заңгердің айтуынша, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушысы Нұрай Серікбайға қатысты зорлық-зомбылықты дәріптейтін сипаттағы пікір жариялаған. Осыған байланысты полицияға арыз түсірілген.
«Нұрайға қатысты жария түрде жазба қалдырған аккаунт иесі анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта жәбірленуші тараптың өкілі ретінде Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбаймен бірге полицияға бара жатырмыз. Істің әрі қарайғы барысы туралы қосымша ақпарат береміз», – деді заңгер.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
03.11.2026
23:02
Алматыда ақылы автотұрақтарға жеңілдіктерді рәс...
03.11.2026
21:30
Олжас Бектенов жаңа Көлік министріне жол сапасы...
03.11.2026
20:49
Сауранбаев өзі кетті ме, әлде отставкаға жібері...
03.11.2026
20:35
Атырауда әлеуметтік желіде тура эфир жүргізген ...
03.11.2026
19:13
Қазақстанда жүргізушілер үшін 0,3 промилле шект...
03.11.2026
18:20
Тоқаев көлік министрін ауыстырды