8 жыл бойы іздеуде жүрген 69 жастағы әйел Ақмола облысында ұсталды

8 жыл бойы іздеуде жүрген 69 жастағы әйел Ақмола облысында ұсталды
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Ақмола облысында Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналастырамын деп тұрғындарды алдады деген күдікпен 69 жастағы әйел ұсталды. Ол 2018 жылдан бері тергеуден жасырынып жүрген, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Астана қаласының тұрғыны. Ол 2018 жылы адамдарға Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беруге уәде еткен.

Жәбірленушілердің бірі Зеленый Бор ауылының тұрғыны. Ол 2018 жылдың қыркүйегінде әйелге 300 мың теңге берген. Бірақ күдікті ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай қойған.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің әрекетінен 9 адам зардап шеккен. Олардың әрқайсысы шетелге жұмысқа орналасу үшін 300 мыңнан 350 мың теңгеге дейін төлеген.

Полиция мәліметінше, күдікті 2018 жылы тергеуден қашып кеткен. Ол 2026 жылдың күзінде ұсталып, қамауға алынды.

Әйелдің 2001 жылы да алаяқтық үшін сотталғаны анықталды. Қазір Бурабай аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу