"Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды": Бадықова Олжас Абаймен бәрі қалай басталғанын айтты

Фото: әлеуметтік желі

Актриса Дариға Бадықова өнердегі және өмірдегі серігі Олжас Абаймен қарым-қатынасы қалай басталғанын, арадағы келіспеушіліктер мен отбасын құруға дейінгі қиындықтарын ашып айтты, деп жазады Politico.kz.

Өнер иесінің айтуынша, екеуі алғаш танысқан кезде бірден сезім пайда болмаған, түсірілім алаңындағы мінездерінің қайсарлығынан жиі сөзге келіп қалған.

«Басында бәрі әдемі болмайды. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды. Жалпы біз кездескен күннен бастап бірден ғашық болған жоқпыз. Тек жұмыс, түсірілім деп жүрдік. Күнде ұрысып қалатынбыз. Ол да қайтпайды, мен де қайтпаймын. Жылдар өте келе эмоцияны ақылға сала бастадық», – деп жазды актриса әлеуметтік желідегі жазбасында.

Дариға Бадықова ренжісіп қалғанда бір-бірін желіде бұғаттап тастайтын кездер болғанын, бірақ Олжас үнемі сақина, сырға мен гүл сыйлап, бірінші татуласуға ұмтылатынын атап өтті. Алайда үлкен жауапкершіліктен қорқып, екеуі бір аралықта тіпті қарым-қатынасты үзгісі де келген.

«Олжасты ұмыту үшін Балиден Дубайға бардым. Қайтатын кезде «Дариға, қалайсың? Қашан қайтасың?» деген хабарлама келді. Жауап бермедім. Екі сағаттан кейін «Сені әбден сағындым» деп жазды. Келген күні сырға сыйлап, «Үйленейік» деді», – деді Дариға Бадықова.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу