«Арманым орындалды»: Баян Алагөзова әкімге алғыс айтты
Продюсер Баян Алагөзова Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамаларына ризашылығын білдіріп, қала келбетінің оң бағытта өзгере бастағанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның сөзінше, қаладағы ескі үйлердің қасбеттері жаңартылып, жарықтандыру мәселесі реттеліп келеді.
«Барлық ескі үйлер жаңа үйлерге айналып кетті. Бұл менің арманым еді. Әкімшілікке үйлердің қасбетін реконструкция жасауға ақша бөлу туралы бірнеше рет кеңес берген болатынмын. Бәрі жөнделіп жатыр, қатты қуаныштымын. Тек орталықта ғана емес, бүкіл қалада жүру көз қуантады», – деді продюсер.
Баян Алагөзова әсіресе Жаңа алаңдағы тұрғын үйлердің сыртқы келбеті қолға алынғанына тоқталды.
«Дархан Сатыбалды келгелі бері қала қатты өзгере бастады. Ең көзге оғаш көрінетін жер – жаңа алаңда еді. Бес қабатты ғимарат алаңның сықпытын кетіріп тұрған. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, қарсы беттегі үйді де қолға алады. Осылайша жаңа алаң тың бояумен түрлене түспек», – деп атап өтті Баян Алагөзова.
Соңғы жаңалықтар