9 жастағы баланың әрекетінен 99 жастағы қария жапа шекті

Петропавл қаласының 99 жастағы тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Васильевич Макиенконың ауыр жарақат алу фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға туралы хабар 20 сәуір күні полицияға түсті. Тексеру барысында сол күні күндіз Назарбаев пен Мүсірепов көшелерінің қиылысында зейнеткер рұқсат етілген жасыл шамға жолды кесіп өтпек болғаны анықталды.
Сол сәтте қала мектептерінің бірінің 9 жасар оқушысы жүгіріп өтіп бара жатып, зейнеткерді байқамай қағып кеткен. Ер адам құлап, жарақат алған. Ауыр дене жарақатымен Василий Васильевич медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық адамды және куәгерлерді анықтады. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, оқиғаның мән-жайына құқықтық баға берілетін болады.
Соңғы жаңалықтар





