9-сынып оқушысы туған анасын өлтіріп, мәйітін чемоданға салып тастаған
Санкт-Петербургте 15 жастағы жасөспірім туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Қараша айының басында із-түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің денесі Юкков жылғасы бойындағы экосоқпақтан, чемоданның ішінен табылған, деп хабарлайды Politico.kz.
БАҚ мәліметінше, анасы ұлына темекі шегетіні үшін жиі ескерту жасап, соның салдарынан отбасында ұрыс-керіс туындап отырған. Кезекті жанжал кезінде 9-сынып оқушысы анасына тап беріп, тұншықтырып өлтірген. Кейін мәйітті чемоданға жасырып, ағаштардың арасына апарып тастаған.
Әйел жоғалғаннан кейін туыстары оған қоңырау шалып хабарласпақ болған. Алайда қылмысын жасырмақ болған жасөспірім анасының телефонынан жалтарған жауаптар жазып отырған.
Қазіргі уақытта күдікті жасөспірім ұсталып, Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
16:16
Артында үш баласы қалды: Теміртауда із-түзсіз ж...
13.11.2026
15:55
9-сынып оқушысы туған анасын өлтіріп, мәйітін ч...
13.11.2026
15:54
Жезқазғанда 3 000 адамға арналған жаңа мешіт аш...
13.11.2026
15:08
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан кісілер – біздің қ...
13.11.2026
14:40
ҚТЖ басшысының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады
13.11.2026
14:37
"Бір сағатқа кездесеміз деп, бүкіл өмірді талқы...