Артында үш баласы қалды: Теміртауда із-түзсіз жоғалған әйелдің мәйіті табылды
Қарағанды облысында бірнеше күннен бері іздестіріліп жатқан 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Оны өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 13 қарашада жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Теміртау қаласынан 22 шақырым жерден жоғалған әйелдің денесі анықталған.
Мәйітті қарау кезінде зорлық-зомбылық белгілері байқалған.
Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы Қарағанды облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
Әйелдің жоғалғаны туралы ресми арыз полицияда тек 2 қазанда тіркелді. Марқұмның артында үш баласы қалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
16:16
Артында үш баласы қалды: Теміртауда із-түзсіз ж...
13.11.2026
15:55
9-сынып оқушысы туған анасын өлтіріп, мәйітін ч...
13.11.2026
15:54
Жезқазғанда 3 000 адамға арналған жаңа мешіт аш...
13.11.2026
15:08
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан кісілер – біздің қ...
13.11.2026
14:40
ҚТЖ басшысының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады
13.11.2026
14:37
"Бір сағатқа кездесеміз деп, бүкіл өмірді талқы...