"Бір сағатқа кездесеміз деп, бүкіл өмірді талқылап шығады": Жазира Байырбекова құрбылары туралы айтты

"Бір сағатқа кездесеміз деп, бүкіл өмірді талқылап шығады": Жазира Байырбекова құрбылары туралы айтты
Фото: коллаж politico.kz

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өнердегі жақын құрбылары — Ләйлә Сұлтанқызы мен Қарақат Әбілдинамен бас қосқан сәтін бөлісіп, әзіл аралас жазба қалдырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі қыздар жиналған жерде әңгіме мен күлкінің таусылмайтынын атап өтті:

«Бір сағатқа ғана кездесеміз» деп, бүкіл өмірді талқылап шығатын құрбылар. Қыздар бас қосқанда әңгіме де, күлкі де, жаңалық та таусылмайды», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасын жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырды. Оқырмандар «Қарақат әпшеміз Мейрамбектің тойында болған Тұрсынбектің тоқалы туралы айтып жатқан сияқты меніңше», «Әр отырыста тыңдап отыратын подругаң Жазира», «Әншілердің өсек айтатыны қызық екен», «Қазақ әйелдерінің заманауи әңгімесі сырттан осылай көрінеді. Өте әдемі әрі жарасымды. Айтар әңгімелеріңіз таусылмасын!» деп жарыса жазып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу