"Абай, бізді кешір": Абайдың мерейтойы Дженнифер Лопес шоуының көлеңкесінде қалды

13.08.2025 09:41
0
307
Коллаж: POLITICO.KZ

Алматыда белгісіз ер адам Абай Құнанбайұлының ескерткіші алдында видео үндеу жазып, Абай күні ұмыт қалғаны үшін барша қазақстандықтардың атынан кешірім сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.

Видеода ол 10 тамыз – ұлы ойшылдың 180 жылдығында барлық жаңалықтар мен әлеуметтік желілер Дженнифер Лопестің концертіне толы болғанына, ал Абай ескерткішіне қойылған гүлдердің солып қалғанына қынжылыс білдірді.

Ер адамның айтуынша, ол 11 тамыз күні таңертең жаңалықтар лентасын ашып, «Джей Ло-ға қонған шегіртке» мен оған сыйланған гүлдер туралы көптеген жазбаларды көріп, қатты ренжіген.

«Абай, сен бізді кешіресің, түсінесің деп ойлаймын», – дейді ол видеода.

Кейін ол Абайдың «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген сөзін келтірген. Сөзінің соңында ол қолындағы Абайдың «Қара сөздері» кітабын көрсетіп, «Біз өзгереміз, біз оқимыз, біз есте сақтаймыз» деп аяқтады.

Бейне: CHECK-POINT.KZ

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий