«Адамға емес, вкусқа адал»: Бауыржан Зорбайдың көңілдесі мәлімдеме жасады
«Қалаулым» жобасы арқылы көпшілікке танылған Бауыржан Зорбай әлеуметтік желіде тағы да назарға ілікті. Бұл жолы дауға Instagram желісіндегі abdreevakz есімді қолданушының жазбасы себеп болды, деп хабарлайды Politico.kz
Аталған қолданушы өз жазбасында Бауыржан Зорбайға және оның отбасылық қарым-қатынасына қатысты ашық әрі өткір пікір білдірген. Ол ер азаматты жарының қадірін білуге шақырып, өткен оқиғалардың көз алдына «кинолентадай» оралғанын жазған.
«Әйеліңнің қадірін біл, Бауыржан. Бұл тақырып қозғалған сәттен бастап бәрі көз алдымнан өтті. Сол сәттер сенің жүрегіңнен де, жаныңнан да өшпей тұрғанда бағала. Мен де сені кейде түсінуге тырыстым. Таңдау менікі болды, сенің таңдауыңды құрметтедім, сен де менің таңдауымды сыйла. Сенің жүріс-тұрысыңа, қыздармен араласуыңа “стоп” қоя алатын адам – мен», – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол бұл жазбаны жариялауының себебін де түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, желідегі «жылтырақ өмірге» алданып қалмау бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
«Қазіргі заманда жанындағы ер адамға көзсіз сену қиын. Барлық ер-азаматты бірдей жамандағым келмейді, адал, нағыз ерлер де бар. Бірақ көпшілікке көрсетілетін өмір мен шынайы өмірдің арасы жер мен көктей болуы мүмкін. Бұл – менің жеке шешімім. Түсінгендерге де, түсінбегендерге де алғысым шексіз», – деді ол.
Жазбадан кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде. Кейбір оқырмандар Бауыржан Зорбайдың жұбайы мен көңілдесі бір-біріне қатты ұқсайтынын айтып, «адамға адал болмаса да, талғамына адал екен» деген пікір қалдырған.
Айта кетейік, Бауыржан Зорбай 2022 жылы шаңырақ көтерген. Қазіргі таңда отбасылы.

Последние новости