Балабақшадан орын іздегендер алаяқтың қалтасын толтырған

Балабақшадан орын іздегендер алаяқтың қалтасын толтырған
Фото: magnific.com

Астанада балаларды балабақшаға орналастырып беремін деп ата-аналарды алдаған әйел 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабар берді.

Прокуратура мәліметінше, әйел 8 ай бойы «2ГИС» қосымшасы арқылы балабақшадан орын іздеген ата-аналарды тауып отырған.

Ол ата-аналарға хабарласып, таныстары арқылы балабақшадан орын алып беруге уәде еткен. Әйелдің сөзіне сенген 9 тұрғын оған жалпы 590 мың теңге аударған.

Сот әйелді алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушілердің шығынды өндіру туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Қала прокуратурасы ата-аналарды сақ болуға шақырды. Балабақшаға орналасу мәселесі бойынша тек ресми порталдар мен уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну қажет екенін ескертті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу