АЭС құрылысына қарсы шыққан белсенділер 5 жылға түрмеге кетуі мүмкін

АЭС құрылысына қарсы шыққан белсенділер 5 жылға түрмеге кетуі мүмкін
21.08.2025 14:08
0
510
Сурет: Vlast.kz

ПРОКУРОР АЭС ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРСЫ ШЫҚҚАН БЕЛСЕНДІЛЕРДІ 5 ЖЫЛҒА СОТТАУДЫ СҰРАДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ VLAST.KZ.

Бүгін, 21 тамызда Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында АЭС құрылысы бойынша референдум алдында ұсталған белсенділердің ісі бойынша сот жарыссөзі басталды. Мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Жәулібаев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев және Айдар Мүбәрәковті ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 1-бөлігі және 24-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Мемлекеттік маңызы бар іс-шараны өткізуге кедергі келтіру – азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеу болып табылады», – деді мемлекеттік айыптаушы.

Прокурор өз сөзінде айыпталушылардың іс-әрекетінде жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын мәлімдеді. Ол белсенділердің тергеу изоляторында өткізген әр күнін жазаның бір жарым күні ретінде есептеуді ұсынды.

Полицияның мәліметінше, белсенділер жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлаған және психологиялық-филологиялық сараптама нәтижесінде олардың әңгімелерінен митингке шақыру, ақша жинау және билікпен күресуге үндеу анықталған. Алайда, сотта адвокаттардың сұрауымен шақырылған тәуелсіз сарапшы Абай Қайыржанов белсенділердің жаппай тәртіпсіздік жоспарламағанын, ақша жинамағанын және экстремистік идеялар таратпағанын мәлімдеп, бұл тұжырымды жоққа шығарды.

Сот жарыссөзінде сөз алған адвокат Берліқожаев сот жүйесіне деген сенімсіздігін білдірді.

«Құрметті сот, бізде ақтау үкімі шықпайтыны белгілі ғой. Сондықтан, тым болмаса істі қосымша тергеуге қайтаруыңызды сұраймын. Сол жерде оны қысқартуға мүмкіндік болар еді», – деді қорғаушы.

Осы сөзден кейін сот залында отырғандардың барлығы дуылдата қол соқты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий