АЭС құрылысына қарсы шыққан белсенділерге қатысты сот үкімі шықты

АЭС құрылысына қарсы шыққан белсенділерге қатысты сот үкімі шықты
26.08.2025 11:35
0
315
Сурет: VLAST.KZ

АЛМАТЫДА АЭС ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРГЕН БЕС БЕЛСЕНДІГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ.

Алмалы аудандық сотының шешімімен олардың әрқайсысының бас бостандығы 4 жылға шектелді, сондай-ақ 5 жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында АЭС құрылысына қарсылық білдірген Нұрлан Жәулібаев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев және Айдар Мүбәрәковке қатысты іс бойынша үкім оқылды. Судья Ернар Қасымбеков белсенділерді 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Олар бір жылға жуық уақытты тергеу изоляторында өткізген.

Сот үкіміне сәйкес, белсенділерге бас бостандығын шектеу жазасынан бөлек, 5 жыл мерзімге қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Айта кетейік, бұған дейін айыптау тарапының нұсқасы бойынша, зейнет жасындағы белсенділер АЭС салу бойынша референдум өтетін күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, билікке қарулы қарсылық көрсетуді жоспарлаған. Прокурор психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысына сүйеніп, олардың әңгімелерінен митингке шақыру, ақша жинау және билікпен күресуге үндеу анықталғанын алға тартқан. Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Бейне: VLAST.KZ

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий