"Әкеме барып көмек сұрайтын әншілер көп": Сиви Махмуди өнердегі әріптестері туралы айтты

13.03.2026 10:55 Мөлдір Талғат
59
. Фото: instagram.com/sivi_makhmudi

Отандық шоу-бизнес өкілі Сиви Махмуди кейбір әріптестеріне ренжулі екенін жасырмады. Ол бұл туралы Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Әншінің айтуынша, әкесі кезінде көптеген өнер адамдарына қолдау көрсеткен. Алайда кейін олардың кейбірі жағдай сұрап келмей кеткеніне қынжылатынын жеткізді.

«Әкеме барып көмек сұрайтын әншілер көп. Кезінде талай әншіге көмектескен. Аттарын атамай-ақ қояйын. Бірақ кейін өзім “мүлде көмектеспеңіз” деп айттым. Сол адамдардың біреуі де жағдай сұрап келмеді. Ешкімнен ақша күтпейсің ғой. Тек әкем “тойға келіп ән айтып кетші” деп өтініш айтқанда телефондарын алмайтындары бар», – дейді ол.

Сиви мұндай жағдайларға ашуланатынын да жасырмады. Оның сөзінше, кейбір адамдар тікелей әкесіне хабарласып, көмек сұрай береді.

«Ешкімді маңайыңызға жолатпаңыз деп айттым. Бірақ бәрібір кабинетінің алдына келіп отырады. Жыным келеді. Мен арқылы шықпайды, номерін тауып алып барады. Егер бір сұрағы болса, менен асып кетпей, алдымен маған айтсын деп ойлаймын. Менің әкем жәй ғана кәсіпкер», – деді әнші.

Сондай-ақ Сиви Махмуди сұхбат барысында бұрынғы күйеуі мен балаларының қарым-қатынасы туралы да айтты.

«Ажырасқан кезде балаларын іздеп келіп жүрді. Бірақ сол кездесулерден кейін балалардың өзі “біз шықпаймыз” деген шешім қабылдады. Содан бері бес жыл болды – мүлде көрген жоқ. Араласпайды, хабарласпайды, ешқандай көмектеспейді, алимент те төлемейді», – деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий