«Әкесінің көшірмесі»: Алтынай Жорабаева екі жасқа толған қызын көрсетті
846
Белгілі әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында кенже қызының видеосын жариялап, көпшілікті елжіретті. Өнер иесі бүлдіршінінің туған күнін атап өтіп, жүрекжарды тілегін арнады, деп хабарлайды Politico.kz
Әншінің айтуынша, қызы Амина Алишерқызы екі жасқа толған.
«Амина Алишерқызы 2 жасқа толды, Аллаға шүкір. Алланың сүйген құлы бол, балапаным. Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, екі дүниенің абыройы мен бақыты бұйырсын», — деп жазды Алтынай Жорабаева.
Желі қолданушылары видеодан кішкентай Амиданың әкесіне қатты ұқсайтынын байқап, жылы пікірлерін жарыса жазды.
«Күйеуінің жүзі жылы, жақсы адам екені көрініп тұр», «Әкесінің нағыз көшірмесі», «Әкесінен аумай қалыпты», «Ғұмырлы болсын, өмір жасы ұзақ болсын», «Бақытты отбасы, көз тимесін» деген ізгі тілектер мен құттықтаулар көптеп жазылуда.
Өнер иесінің отбасылық сәті желіде жағымды эмоция сыйлап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...