Алакөл маңындағы жол апатынан бірнеше адам көз жұмды (ВИДЕО)

27.07.2026 16:12 Әсел МҰРАТ
Алакөл маңындағы жол апатынан бірнеше адам көз жұмды (ВИДЕО)
211
Фото: видеодан скрин

«Алматы – Өскемен» автожолының Алакөл ауданы аумағындағы 474-шақырымында үш автокөлік соқтығысып, ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды.

Алдын ала деректерге қарағанда, Kia Sportage автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан ол алдымен Toyota Highlander, содан кейін осы бағытта келе жатқан Lexus GS300 автокөлігімен соқтығысқан.

Kia Sportage автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы алты адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемелерге жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

«Барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға, қауіпті маневрлер жасамай, қарсы бағытқа шықпауға шақырамыз. Бірнеше секундтық тәуекел адам өмірін қиюы мүмкін. Өз өмірлеріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыздар», – деп ескертеді полиция департаменті.

Войдите, чтобы оставить комментарий