Алдымен аға, кейін күйеу: Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиеваның танысу тарихы

14.12.2025 09:25 Берік Арманов
Алдымен аға, кейін күйеу: Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиеваның танысу тарихы
0
283
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Тоқтар Серіков «Хабар» арнасындағы «КешRec» бағдарламасында жары Бейбіт Сейдуәлиевамен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sn.kzақпарат порталына сілтеме жасап.

«2000 жылы 10 қазанда «Нұр-Мұқасан» тобы концерт қойды. Ұлықпан Жолдасов екеуміз алдыңғы қатарда отырдық. Сол концертте Бейбітті алғаш рет көрдім. «Керемет әнші келіпті ғой, мына қызды тауып алу керек» дедім. Көп ұзамай, бір аптаның ішінде тауып алып, таныстым. Сөйтсем, қазақша дұрыс білмейтін орысшалау өскен қыз екен. Алдына кім келіп тұрғанын да біліп тұрған жоқ. Бірақ қазақ өнеріне ерекше екпінмен келгені көрініп тұр. Алғашқыда аға боп бастадым. Бір-бірімізге тез бауыр басып кеттік», - дейді өнер иесі.

Тоқтар Серіков қыздың назарын аудару үшін апорт алмасын сыйлағанын атап өтті.

«Қазіргілер не сыйлайтынын білмеймін. Алма деген жемістің төресі ғой. Мен алманы арнайы сатып алып, Бейбіттің қолына ұстаттым. Маған рақмет айтып, ризашылығын білдірді. Бірақ алманы қандай оймен беріп тұрғанымды білмейді ғой. Сосын «ана бір қуыршақ бар ғой, соған ұқсайсың» дедім. Атын да білмейді екенмін. Борби деп едім, сылқылдап күлді. «Борби емес, Барби» деді. Ааа, дедім де, қойдым. Бірақ қыздың алдында алғаш рет ұялып қалдым», - деп түйіндеді әнші.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий