Төрт перзентінен айырылған ақтаулық ана 51 жасында ЭКО арқылы қыз баланы дүниеге әкелді

Төрт перзентінен айырылған ақтаулық ана 51 жасында ЭКО арқылы қыз баланы дүниеге әкелді
Фото: видеодан скриншот

Ақтау қаласының 51 жастағы тұрғыны Күмісай Палекеева 17 қараша күні ЭКО әдісінің көмегімен сәбилі болды. Көптен күткен қыз баланың өмірге келуі ауыр сынақтарды бастан өткерген отбасыға зор қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Politico.kz.

Күмісай Оралбайқызы бұған дейін тағдырдың ауыр тауқыметін тартып, төрт перзентінен айырылған. Оның үш баласы газдан уланып көз жұмған болатын. Соған қарамастан, ерлі-зайыптылар болашаққа деген үмітін үзбей, биыл қыркүйек айында 13 жастағы жасөспірім баланы бауырына басып, асырап алған.

Араға көп уақыт салмай отбасының шаңырағында тағы бір қуанышты жағдай орын алды: Алматы қаласындағы «Ecomed» клиникасы ақтаулық отбасыға ЭКО жасатуға тегін сертификат тарту еткен.

Дәрігерлердің мәліметінше, жүктілік кезеңі бойы ана «Ана мен бала» орталығы мамандарының тұрақты бақылауында болып, сәтті босанған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу