Әлемдік жаңалықтар Ақтау апаты туралы тергеу қорытындыларын жариялады

Әлемдік жаңалықтар Ақтау апаты туралы тергеу қорытындыларын жариялады
05.02.2025 15:10
0
201
ҚР ТЖМ
DW мен Reuters Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты өз болжамдарын жасады

Ақтау маңында 2024 жылдың 25 желтоқсанында орын алған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағының апатына қатысты алдын ала тергеу есебі жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ, CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.

DW мәліметінше, ұшақ Грозный қаласына жақындағанда екі рет қатты соққы болған. Соққыдан кейін автопилот ажыратылып, гидравликалық жүйелерде қысым төмендеген. Экипаж диспетчерлерге құстармен соқтығысу және борттағы оттегі баллонының жарылысы туралы хабарлаған.

Командир әуежайға төтенше қону жасамақ болып, Ақтауға бағыт алған. Алайда қонған кезде ұшақ жерге соғылып, ішінара өртенген.

Reuters агенттігі Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөзге сүйене отырып, ұшаққа ресейлік «Панцирь-С» әуе қорғаныс жүйесінің зымыраны тигенін хабарлайды. Тергеу барысында ұшақтан табылған зымыран бөлшектері халықаралық сараптамадан өткен.

Алдын ала есепте ұшақтың артқы бөлігі мен қанаттарында тікбұрышты пішінді зақымданулар анықталғаны айтылған. Бұл «сыртқы факторлардың әсерінен болған» деген болжамды растайды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или