Әлеуметтік желіде танымал әнші Нұрлан Абдуллинге қатысты дау туындады

01.06.2026 09:19 Мөлдір ҚАЙНАР
Әлеуметтік желіде танымал әнші Нұрлан Абдуллинге қатысты дау туындады
193
Фото: видеодан скриншот

Threads әлеуметтік желісінде Марал Баққара есімді қолданушы Қазақстанның танымал әншісі Нұрлан Абдуллинге қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Онда автор әншінің ұлына алимент төлеу мәселесі бойынша міндеттемелерін орындамай жүргенін мәлімдеп, оны көпшілік алдында сынға алған.

«Абдуллин Нұрлан Мұханұлы. Ұлыңның алдындағы үш жылдық алимент қарызын жап! Сен өз туған балаңды алдадың. Ұлыңның алдындағы қарызды өтегің келмей ме?» — деп жазды Марал Баққара.

Сондай-ақ ол тағы бір жарияланымында:

«Белгілі халық әртісі Нұрлан Мұханұлы! Ұятты доғарыңыз! Сіз өз балаларыңызға ауыр тиіп отырсыз. 62 жасыңызда 8 жастағы ұлыңызбен соттасып жүрсіз», — деп мәлімдеді.

Аталған жазбалар әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқыланып, түрлі пікірлерге себеп болды. Алайда жарияланған мәліметтер әзірге әлеуметтік желідегі автордың жеке мәлімдемелеріне негізделген. Нұрлан Абдуллин тарапынан бұл айыптауларға қатысты ресми түсініктеме берілгені жөнінде ақпарат жарияланбаған.

Оқиғаның нақты мән-жайы сот құжаттары мен құзырлы органдардың ресми мәліметтері негізінде анықталуы мүмкін.

Войдите, чтобы оставить комментарий